Тағы бір ел бір жолғы пластик бұйымдарға толық тыйым салды
Тағы бір ел бір жолғы пластик бұйымдарға толық тыйым салды
2 жыл бұрын 1931 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шри-Ланка билігі бір жолғы пайдаланылатын пластик заттар мен бұйымдар өндіруге, қолдануға, импорттауға басыбүтін тыйым алды. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел мұндай қадамға қоршаған ортаны, соның ішінде аралдағы пілдер мен жабайы жануарларды қорғау үшін барғанын мәлімдеді. Шри-Ланканың ақпарат министрі Бандұл Гунауарданның айтуынша, бұл шара 2017 жылы қабылданған пластик пакеттерді пайдалануға тыйым салуға қатысты шешімнің жалғасы. Бұдан бөлек, пластиктен жасалған балалар ойыншықтарына тыйым салынғаны айтылған. Шри-Ланка әлемдегі пластиктен ең қатты ластанған елдер қатарында тұр, өйткені, аталған ел аумағына пластикті өңдейтін кәсіпорын жоқ. Жыл сайын біргеше мыңдаған тонна пластик қоршаған ортаға тап болатындықтан жергілікті жануарлар популяциясына зардабын тигізе бастаған.

0 пікір
Мұрағат