Тағам құнарын заңмен шектеу керек
|
Ұлыбритания тұрғындары клиент тарту үшін құнарлы тағамдар ұсынатын қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметін сынға алуда. Дәлірегі, тағам құнарын заң деңгейінде шектеу ұсынылды. Бұл жайында The Sun ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігінің атқарушы агенттігі (Public Health England) кез келген жартылай дайындалған тағам құнары 544 калориядан аспауы керек деген шарт пен талап қойып отыр. Әсіресе, мемлекет тарапынан қолға алынған балалар арасындағы семіздік індетімен күрес өз нәтижесін бермей жатыр. Сол себепті, 2024 жылға қарай кез келген азықтағы құнар мөлшерін 20 пайызға дейін кеміту жоспарлануда. Супермаркеттердегі сэндвичтер мен салаттардың құнарын 550 калориямен, ал мейрамханалардағы тағамдардың құнарын 951 калориямен шектеуді көздеп отыр.