Сырт келбеті қарияға ұқсас қыз 15 жасқа толды (ФОТО)
Сырт келбеті қарияға ұқсас қыз 15 жасқа толды (ФОТО)
9 жыл бұрын 4297 ҚазАқпарат

Ерте қартайған колумбиялық қыз Магали Гонсалес Сьерра өзінің 15 жасқа толғанын тойлады, деп жазды medikforum.ru. Дәрігерлер ол тек 13 жыл ғана өмір сүреді деп болжаған. Сондықтан бұл мерекені ол достары мен туыстарының ортасында атап өтті. 

Колумбиялық қыз  Хатчинсон-Гилфорд прогерия синдромынан (терінің мерзімінен бұрын қартаю синдромы) зардап шегеді. Ерте қартаюға әсер ететін бұл ауытқушылық әлемде бірнеше балада ғана кездеседі. Магалидің ата-анасы таңдардың бірінде қызы оянбайды деп алаңдайды.  

Өздігінен жүре алмаса да Магали 15-ші туған күнін тойлау арқылы дәрігерлерді таң қалдырды. Латын Америкасында бұл мерекені quinceanera деп атайды. Ол мүшел жас сияқты ауқымды тойланады. Магалиді ханшайым сияқты киіндіріп, туған күніне сыйлық ретінде туыстары кәдімгі той ұйымдастырды.  

null

null

0 пікір
Мұрағат