|
Сыныптастарына еліктеген орыс оқушыларының намазы (ВИДЕО)
|
Мәскеу қаласындағы мектептердің бірінде оқитын бір топ оқушы жақында ғана жамағатқа есігін айқара ашқан Орталық мешітке келіп, саяхат жасап қайтты. Ғаламтор желісіне жүктелген видеода олардың сыныптастарына еліктеп, намаз оқығаны көрсетілген. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында видео тез арада танымалдыққа ие болып үлгерген.
Фейсбук желісінің қолданушы Анвар Омаров есімді азамат видеодағы намаз оқып тұрған оқушының ұлы Давуд екенін жазған. Бесін намазына тап келген Давуд мешітте намаз оқуға ниет етеді. Ал, сыныптастары болса, оның соңынан сап түзеп, көргендерін қайталай бастайды. Оқушыларды видеоға сынып жетекшілері түсіріп алған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті