Сынақтан "сүрінбей" өткен автокөлік
Сынақтан "сүрінбей" өткен автокөлік
11 жыл бұрын 4394

 Google компаниясы өздігінен жүретін автокөлікті жетілдіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Аты айтып тұрғандай, жүргізушісі жоқ автокөлік жуырдағы тәжірибе барысында қоғам игілігіне арналған жолмен 1 126 540 шақырымды артқа тастаған. Өздігінен жүретін автокөлік аудандар мен өңірлерді картаға түсіру мақсатында жасалған. Осының негізінде Google компаниясы өзінің Google Maps сервисін толықтырып, жаңартып отырады. Ал, бұл өз кезегінде аталмыш сервисті пайдалану тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әлбетте, қоғамдық орынмен жүрген автокөліктің жол бойында кездесетін түрлі кедергілерге қарамастан осынша шақырымды артқа тастағаны ғылыми-техникалық прогрестің жетістігінен хабар береді. Қарсы ұшырасатын, қайшы алысқан көліктерге, жол бойындағы нысандарға соқтығысып қалмауына ондағы бағдарламаның барынша жетілдірілгенін көрсетеді. Өздігінен жүретін автокөлікке орналастырылған бағдарлама бір мезетте бірнеше нысанды байқап, тіркеп, анықтауға мүмкіндік береді. Жаяу жүргіншілер өтетін жерде тоқтау, арақашықтықты сақтау, жол белгілеріне қарай қозғалу т.б. жағдайларда сынақтан «сүрінбей» өткен.

0 пікір
Мұрағат