Иса пайғамбар (ғ.с.) үйленген бе?
Иса пайғамбар (ғ.с.) үйленген бе?
11 жыл бұрын 8512 Иса пайғамбардың (ғ.с.) үйленгендігі туралы дерек беретін ежелгі папирус

Иса пайғамбардың (ғ.с.) үйленгендігі жөнінде дерек беретін папирусты екі жыл бойы зерттеген ғалымдар оның жасанды емес, түпнұсқа екенін анықтады. Бұл жаңалық «Иса пайғамбар бойдақ болып өткен» дейтін христиандардың сеніміне үлкен соққы болып тиді. 

Мысырлық коптар тілінде жазылған папирустағы мәтінде «Иса оларға былай деді, менің әйелім...» сөз тіркесі кездеседі. Көлемі визитка карточкасындай папируста, сондай-ақ, «Ол менің шәкіртім болатын шығар» деген жазуды да оқуға болады.

Тарихи маңызы зор осынау құжатты алғаш рет 2012 жылдың қыркүйек айында Гарвард университетінің ғалымы Карен Кинг Римде жұртшылықтың назарына ұсынған болатын. Алайда, Ватикан бұл құжатқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Десе де, священниктер құжаттың қолдан жасалғанын айтып, шу шығарғаннан кейін Гарвард оқу ордасының химиктері, биологтері және тарихшылары папирустың шынайылығын дәлелдеп берді. 

Інжілде де, қасиетті Құранда да Иса пайғамбардың (ғ.с.) үйленгендігі жайында айтылмаған.

0 пікір
Мұрағат