Священниктердің қанша жалақы алатыны белгілі болды
Священниктердің қанша жалақы алатыны белгілі болды
4 жыл бұрын 3383 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Бірден ескерте кетейік, бұл арада халқы көп, сол себепті, кірісі жоғары болуы тиіс ірі мегаполистегі священниктер жалақысы туралы сөз болмақ. Бұл тақырыпты несіне қозғап отырмыз? Түркиядағыдай мемлекет тарапынан арнайы жалақы тағайындалмайтын еліміздегі имамдардың жағдайымен салыстырып көру мақсатында. Мәскеу патриархатының сыртқы шіркеу байланысы бөлімінің жетекшісі митрополит Волоколамский Иларион (Алфеев) Мәскеудегі священниктердің жалақысы туралы «Россия 24» телеарнасының эфирінен берілген «Шіркеу және әлем» деп аталатын бағдарламада сөз қозғағын болатын. Бұл жайында islam.kz порталы moslenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пірәдардың айтуынша, священниктер өзі мен отбасын асырау үшін өз еңбегімен табыс табуға мәжбүр, яғни, священниктердің қызметі тегін емес, ақылы. Діни басқарма қызметкерлері өзі қызмет ететін шіркеудегі садақадан жиналған қаржыдан жалақы алады. Мәселен, Мәскеу қаласындағы священник айына 30-40 мың рубл табыс табады. Кейде бұдан да аз табады немесе мүлде табыс таппайды. Мұндай жағдайда олар шоқындыру, жерлеу рәсімінде дұға қайыру, т.б. діни жөн-жоралғыларды атқарған еңбегі арқылы күнкөреді. Осылай деген митрополит Иларион ғибадатханада мұндай салттық қызметтерге, яғни, қандай да бір діни рәсімді орындағаны үшін нақты баға белгіленбегенін жеткізді. Соған қарамастан священниктер мұндай қызметке жүгінгісі келген адамның ақшасы болмаса, одан ақы талап етуге құқығы жоғын де тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат