Сүнетті сақтамаудан бір ғана араб елі жігіттерінің 70%-ы бір ғана дерттен зардап шегеді
Сүнетті сақтамаудан бір ғана араб елі жігіттерінің 70%-ы бір ғана дерттен зардап шегеді
5 жыл бұрын 2333 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Біріккен Араб Әмірлігі тұрғындарының денсаулығына жаппай жүргізілген тексеру нәтижесі мамандардың да, биліктің де, ел тұрғындарының да жағасын ұстатып отыр. Әбу-Дабидегі әскери емханада қызмет ететін профессор Ашраф Хасан әл-Зааби мен оның командасы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 18-30 жас аралығындағылардан денсаулығы тексерілген 33 мың жасөсіпірім мен жігіттің 70%-ы дұрыс тамақтанбаудан пайда болған артық салмақтан зардап шегеді. Олардың арасында ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылғандар қарасы көп, яғни, белсіздіктен, сондай-ақ, сусамырдан, гипертониядан, т.б. сырқатқа шалдыққандар қарасы көп. Семіздіктен зардап шегетіндер арасында 18 жасқа дейінгілер қарасы өте көп болып шықты. Бұдан бөлек, жасөспірімдер мен жігіттердің 41%-ның қан құрамында глюкоза деңгейі өте жоғары болып отыр. Медициналық тексеруден өткен жасөспірімдер жігіттердың 4,7%-на қант диабеті диагнозы қойылды. Аталмыш тексеру нәтижесі бойынша. Тамақтануда шектен шығып, қомағайлыққа, мешкейлікке бой алдырғандардың ақыры індетке шалдықтырады. Семіздік деп аталатын індетке. 

0 пікір
Мұрағат