Суэц каналы аймақтағы дағдарыстан шығынға батуда
Суэц каналы аймақтағы дағдарыстан шығынға батуда
3 ай бұрын 1076 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяу шығыстағы саяси тұрақсыздық пен қарулы қақтығыстан 2024 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында халықаралық сауда-саттықта стратегиялық маңызы зор Суэц каналы 60% кірісін жоғалтқан. Бұл көрсеткішті нақты ақшаға шаққанда 6 млрд доллар табысынан айырылған. Бұл жайында islam.kz порталы Trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Суэц каналында Қызыл теңіздегі хуситтердің әрекетінен кемемен жүк тасымалы күрт азайып кетті. Дәлірегі, танкерлер трафигі екі есеге кеміп кеткен. Атап айтқанда, тамыз айында Суэц каналы арқылы жалпы 16,6 млн тонна жүк тиелген 202 танкер өткен екен, бұл көрсеткіш 2023 жылдың тамызындағы көрсеткіштен 49,8%-ға аз. Суэц каналы әкімшілігінің басшысы Усама Рәбияның есебі бойынша 4 мыңға жуық кеме өз бағытын өзгертіп, сапар ұзақтығын орта есеппен 10 күнге ұзартқан. Осы орайда 1956 жылдың шілдесінде Суэц каналы басқармасы (СКА) қоғамдық және тәуелсіз заңды тұлғаретінде құрылғанын айта кетпекпіз. Аталмыш әкімшілік Мысырдың премьер-министріне тікелей бағынады және канал жұмысын басқаруға қажетті барлық өкілеттіктер мен құзыретке ие.

0 пікір
Мұрағат