|
Су тапшылығына байланысты канализация суын ішуге рұқсат ететін заң қабылданды
|
Калифорния штатының реттеуші органы тұрғындарға канализация суын пайдалануға рұқсат берді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта адам жуынған және дәретхана суын тазартылғаннан кейін саябақтарды суаруға пайдаланады. Ал жаңа заң оны ауызсу ретінде пайдалануға, дәлірегі, ішуге және ас дайындауға пайдалануға мүмкіндік береді. Тазартылған канализациялық су бірнеше мәрте өңдеуден және сүзгіден өткен соң кәсіпорындарға, түрі мекемелер мен мектептерге берілетін болады. Калифорния — канализация суын ауызсу ретінде пайдалануға рұқсат берген Америка құрама штаттарындағы алғашқы штат емес. Мұндай заң Колорадо штатында да бар. Жергілікті суқоймаларындағы су қорларының құрғақшылыққа байланысты азаюынан аталған штаттар амалсыздың күнінен осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр.