Арабтар безгекпен күресудің ең үздік әдісін тапты
Арабтар безгекпен күресудің ең үздік әдісін тапты
5 ай бұрын 611 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мұхаммед бен Заид атындағы жасанды зерде университетінің (MBZUAI) ғалымдары аса қауіпті жұқпалы індетке, дәлірегі, безгекке қарсы күресте төңкеріс жасауы мүмкін зерттеу жұмыстарымен айналысуда: осы заманғы озық технологиялар мен деректерді өңдеу әдістерін қолдана отырып, ауа-райының ықтимал жағдайларына, ауа температурасы мен ылғалдылығына сүйене отырып, ғалымдар тобы аурудың келесі ошағы болатын географиялық аймақтарды анықтай алады. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы жаңалық сенсорлық синтез деп аталатын тәсілге негізделген: әлемнің виртуалды бейнесін немесе «цифрлық сыңарын» жасау үшін бірнеше сенсорлардан алынған ақпаратты біріктіретін әдіс қолданылады. Тарихи және сенсорлық деректердің тіркесімін пайдалана отырып, зерттеушілер безгек тасымалдаушы масалардың қайда қоныс аударуы ықтимал екенін болжай алады. Ғалымдар, сонымен қатар, аталмыш жүйені жасанды зерде алгоритмдеріне үйрету үшін ауа райы орталықтары ұсынған ақпаратты пайдаланады. Безгек – негізінен тропикалық елдерде кездесетін, өлімге апару қатері аса жоғары қауіпті аурулардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша жыл сайын күллі әлемде шамамен 250 миллион адам аталған індетті жұқтырады; тек 2021 жылдың өзінде осы жұқпалы індеттен 600 мың адам қайтыс болды.

0 пікір
Мұрағат