Стратегиялық ресурсқа талас соғысқа ұласа ма
Стратегиялық ресурсқа талас соғысқа ұласа ма
6 жыл бұрын 3874 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та мұнай мен газдың жеткілікті қоры бар. Шеттен сатып алғаны бар, өзінікі (АҚШ аумағындағы барланған шикізат қоры турасында айтылып отыр бұл арада). Алайда, бүгінгі таңда әлем экономикасына аса қажет минералдар мен металл АҚШ-та қат екенін айта кету керек сөз орайы келгенде. АҚШ Сенатында стратегиялық әрі маңызды минералдардың ұлттық өндірісі туралы акті қарастырылып жатыр. Егер аталған құжат қабылданса, онда минералдарды өндіру "инфрақұрылымдық жобаларға" жатқызылады әрі америкалық қадағалаушы және реттеуші органдар минералдарды өндіруді өз бақылауына алады. Бұл бағытта ешқандай алаяқтыққа жол берілмейтінін шегелеп тұрап айтты Energy and Capital инвестициялық- консалтингтік агенттік жетекшісі Кейт Коль. Өйткені, АҚШ-тың бұл бағыттағы негізгі жабдықтаушы елі - Қытай. Арадағы сауда соғысы жүріп жатқанда бұл саладағы кез келген алаяқтықтың салдары ауыр болмақ. Аталған актіде айтылғандай, АҚШ-тың 2015 жылдан бері минералдарға тәуелділігі артқан, қазіргі уақытта 47 минералды сырттан тасымалдайды, яғни, импорттайды. Олардың 19-ы ел аумағында мүлде жоқ, ал 22-сі қажеттіліктің 50%-ын өтей алмайды. АҚШ-тың энергетика министрлігі келтірген мәлімет бойынша импортталатын  41 металл мен минерал таза энергия өндірісі үшін аса маңызды ресур болып табылады екен. 2016 жылғы дерек бойынша АҚШ ванадия, кристалды кварц, графит, марганц, т.б. тек сырттан тасымалдаған, металдар мен минералдардың мына түрлері - алюминий, цинк, платина және германий - 50%-ына тәуелді болған. 

Қытай АҚШ-ты стратегиялық маңызы зор минералдар мен металдардың 28 түрімен жабдықтап отыр. Мәселе, АҚШ-тың өзінде бар қалайыны өндіру қуатын арттыруға мүмкіндігі болғанымен кобальт пен лития жоқтың қасы десе де болады. Ал бұл аталған металдар электрмен жүретін көліктердің және электр техникалары (солардың ішінде, смартфон мен ноутбук бар) үшін аккумуляторлық батарейкаға қажет. АҚШ-тың геологиялық қызметі кобальтті авиақозғалтқышта, т.б. пайдаланатынын жария етті. Бұдан бөлек, әскери-теңіз кемелері, сенсорлар, радар, т.б. магнит жетіспейтінін де жасырмады. Мәселе сонда, Қытай АҚШ-қа металдар мен минералдар экспортын шектеуі мүмкін. Сауда соғысына байланысты емес, басқалай себеппен. Өйткені, қытай компанияларының өзі қазіргі уақытта электрмен жүретін көлік жобасын қолға алып жатыр. Мәселен, Қытай лития мен кобальт ресурстарына сұраныс артып отыр. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратып отыр. Бұдан бөлек, кобальтқа соңғы екі жылда артқан сұранысқа байланысты бағасы шарықтап, үш есеге көтеріліп кеткен. Лондон қаласындағы биржада ол тоннасына 86,7 мың доллармен саудалануда. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 30 мың доллардан аспаған еді. Бұл фактор да жағдайды ушықтырып отыр. Кобальттың шамамен 60%-ы (әлем бойынша) Конго жерінде өндіріледі. Конго билігі өзіндегі осы артықшылықты пайдаланып, ел аумағындағы кобальт өндіретін шетелдік компаниялардың лицензиясының күшін жойып, бұл саладағы салықтың мөлшерін бес есеге арттырып отыр. Fortune Minerals канадалық компания жетекшісі қытайлардың China Molybdenum 2016 жылы жез бен кобальттың аса ірі ресурсын бақылауда ұстайтын Tenke Fungurume Mining-тен 2.65 млрд долларға 56%-ын сатып алған. Ал осы жылдың наурыз айында қытайлардың батарейка жасайтын әрі жоятын GEM компаниясы әлемдік Glencore трейдерімен келісім-шартқа отырып, кобальт өндіру жобасының үшітен бірін сатып алған. Қытай мұнымен ғана шектеліп қалмай, лития ресурсына да ауыз салып отыр. Мамыр айында Tianqi Lithium чилилік Sociedad Quimica y Minera-дан оның 23,8% акциясын 4 млрд долларға сатып алған. Жалпы есеп бойынша Қытай әлемдік металл өндірісінің 18%-на ие болып отыр. Қытайдың ресурсқа "ашкөздігі" АҚШ-пен арадағы ресурсқа таласты соғысқа ұластыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды сарапшылар. Алайда, ресурс үшін соғыстың қалай өрбитінін тарқатып бере алмады. 

0 пікір
Мұрағат