Стероид сиырлары құрбандыққа қауіп төндіруде
|
Құрбан айтқа санаулы күн қалғанда Бангладеште миллиондаған ірі қара мен ешкі тексеруден өтеді. Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Азияның осынау елінде сиырлардың стероидпен қоректенгені тексерілетін болады. Осы мақсатта арнайы медицина бригадасы жасақталды. Өйткені, стероидпен қоректенген ірі қараның етін жеген адам обырмен сырқаттанып, бүйрегінде ақау пайда болуы мүмкін. Бұл жайында Бангладештің аграрлық университетінің профессоры Әбдісамат мәлімдеді. Құрбан айт қарсаңында фермерлер малдың тез ет алып, семіруі үшін ірі қараларға канцерогенді стероидты жемнің орнына беріп жатыр деген ақпарат тараған болатын. Бұл елде Құрбан айт кезінде артатын сұранысқа байланысты сауырынан жарылардай болып семірген бір ірі қара 400 долларға дейін сатылады.
Бангладеш мұсылмандардың қарасы көп әлемдегі үшінші ел. Бұл елде шамамен 148 млн мұсылман жамағаты бар.