|
Стамбулда жалғыз шағала 9 көліктің апатқа ұшырауына себепкер болды (видео)
|
Стамбулда жолды кескен шағала 9 көліктің апатқа ұшырауына себепкер болды. Бұл жағдай жолда орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Көлік апаты шамамен таңғы 9-дарда D-100 магистралінде болған. Видеодан асықпай жолды кескен шағаланы өткіземін деп көлік жүргізушісі тежегішке басқанын байқауға болады. Ақырында бірінен соң бірі келе жатқан 8 көлік бір-біріне соқтығысып қалады.
Жол апатына кінәлі шағала бірден оқиға орнынан ұшып кеткен. Бір жүргізуші жарақаттармен емханаға жеткізіліп, трассада ұзын-сонар кептеліс пайда болды деп хабарлады tvzvezda.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)