Сөз бостандығы «қусырылып» барады
Сөз бостандығы «қусырылып» барады
3 жыл бұрын 1353 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Lee Jin-man / AP

Қытай билігі жекелеген көздерден қаржыландырылатын ұйымдарға жаңалықтарды жинауға, редакциялауға және таратуға тыйым салатын заң жобасын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы The Telegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ресми Бейжің елдегі онсыз да оңып тұрмаған сөз бостандығын тағы шектегісі келеді. Тек коммунистік партия қаржыландыратын дерек көздері ғана ақпарат тарата алады. Жаңа заң жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес. Дегенмен аталған заң жобасында Қытай аумағында хабар тарататын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына араласатыны жөнінде нақты айтылмаған. Егер бұл заң жобасы мақұлданатын болса, елдегі БАҚ-қа қатысты бақылау шаралары күшейтіліп қана қоймай, сонымен қатар, ақпарат таратуға тыйым салынған жекеменшік бизнес тізіміне енгізілетін болады. Қыркүйек айының 14-і күні Қытай билігінің ұлтты ұйыстыру мақсатында интернет кеңістігінде социалистік құндылықтарды насихаттауға ден қойған болатын. Мәселен, мемлекеттік идеологияны ту еткен сайттардың, әлеуметтік желідегі парақшалардың және қосымшалардың рөлін арттыруды көздеп отыр.

Ұқсас материал:

«Әйел тәрізді» ерлерді телеэкраннан көрсетуге тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aiel-tarizdi-erlerdi-teleekrannan-korsetuge-tyiym-salyndy-15695/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат