Соттың қате шешімімен 40 жыл өмірін түрмеде өткізген адам бостандыққа шықты
|
АҚШ-тың Уайтвилл қаласының соты қате шешіммен 40 жылға жуық өмірін темір тордың ар жағында өткізген 70 жастағы Джозеф Слэджді босатты.
Бұл туралы www.vesti.ru хабарлайды. Джозеф Слэджге 1976 жылы екі әйелді өлтірді деген айып тағылып, ақтық демі қалғанша түрмеге қамау туралы үкім шығарылған. Жуырда жасалған ДНҚ қорытындысы ер кісінің аталған қылмысқа еш қатысы жоқтығын дәлелдеді. Ең басты куәгерлердің бірі де қарттың қылмыс жасамағандығын айтыпты. Осылайша жаңадан белгілі болған жағдайларды ескере отырып сот Джозеф Слэджді кінәсіз деп тапты. Бостандыққа шыққан бұрынғы тұтқын алдымен жайлы төсек-орында ұйқысын қандырып, сонан соң бассейнге шомылатындығын жеткізіпті. Айта кетейік, АҚШ-та 1973 жылдан бері қате шешімvен сотталған 150 адам босатылды.