|
Сот жасанды зерденің авторлық құқығын «мойындады»
|
Қытайдың Жиансу провинциясының соты жасанды зерде көмегімен жасалған контент авторының жағына шығып, соның пайдасына үкім шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы VisitChina ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай іс аталған елде осымен екінші рет орын алып отыр. 2023 жылдың бас кезінде Лин есімді қуынушы тарап Midjourney сервисін пайдааланып, жүрек пішінінде үрмелі шардың бейнесін жасаған болатын. Оны әлеуметтік желіге жариялаған. Кейін екі компания бұл бейнені Линннің рұқсатынсыз пайдаланған. Шаншу қаласының халық соты бұл суретті түпнұсқаға жатқызатынын және авторлық құқықпен қорғалатынын атап өткен. Ол АІ технологиясының көмегімен жасалғанына қарамастан, оның авторы «редакциялауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен кеңестер мен деталдарды нақтылау арқылы бірегей туындыны өмірге әкелген». Сот айыпталушы тараптан көпшілік алдында автордан кешірім сұрап, Линге өтемақы ретінде 10 мың юан (1,4 мың доллар) төлеуге міндеттеді. Осы тұста осыған ұқсас шешімнің 2023 жылдың соңында Бейжіңде шығарылғанын айта кетпекпіз. Ұзақ уақытқа созылған талас-тартыстан кейін сот АІ тек құрал ғана болды, ал шығармашылық өнімнің авторлық құқықтарына талапкер ие деген қорытындыға келді. Өтемақы ол кезде 500 юанға ғана бағаланған болатын.