|
Сорлыға сойыл бұрын тиедінің кері келді (видео)
|
Бразилияның Сан-Паулу қаласында оқыс оқиға орын алды. Қолында қаруы бар әлдебір ер адам тапа тал түсте көшеде кетіп бара жатқан әйелді кепілдікке алып, жүздеген жүргіншінің көзінше оған қаруын кезеп, тонамақ болған. Жарты сағат бойы әйелді босатпаған қылмыскерге көшеден өтіп бара жатқан адам тап берген. Осы сәтті пайдаланған әйел қылмыскердің қолынан сытылып кетеді. Алайда, оны құтқарған адам өлімші болып жараланады. Бұл кезде полиция қызметкерлері де қарап қалмай, қылмыскерге оқ жаудырады. Қылмыскерде жараланады. Ал кепілдікке алынған әйелге араша түскен адам қаза табады. Кей мәліметтерге қарағанда, ол үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбас болып шыққан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді