Соңы көрінбейтін Йемен шырғалаңы (фото+видео)
Соңы көрінбейтін Йемен шырғалаңы (фото+видео)
6 жыл бұрын 4248 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер ай бұрын Йемендегі саяси ахуал мен жанжалға және соғыстың стратегиялық ерекшелігіне мақсатына жалпылама сипаттама беріп, екі талдау материалын жариялаған едік. "Йемен қасіреті", "Йемен шырғалаңы" деген тақырыппен жарық көрген талдау материалымызда соғысқа жол берген тапаптар туралы да кеңінен мағлұмат беруге тырысқанбыз. Бұл жолы барынша нақты жағдайды, майданның беталысын, Йемендегі соғыстың зардабын, т.б. айтпақпыз. Араб коалиция Йемен аумағындағы Ходейда айлағын басып алуға жанталасуда. Стратегиялық маңызы зор аталған қала ерте ме, кеш пе, түбінде коалицияның қолына өтеді. Өйткені, коалицияның қолында шоғырланған мол ресурс бар. Ходейда құласа, "Ансар Алла" ұйымының жағдайы мүшкіл болмақ. Десе де соғыстың соңына нүкте қоюға әлі ерте. Ол ол ма, соғыс басқа түрге еніп, басқаша сипат алуы да мүмкін. Жағдайға қарай, жеңіліс тапқан тараптың ендігі кезекте қабылдайтын шешіміне байланысты. Мәселенің мәні сонда: аталған елде бұрындары орын алған қарулы қақтығыстардан айырмашылығы - бұл жолғысы мейлінше құрылымданғанында жатыр. Яғни, кей топтар шетелдік басқыншылардан елді азат етушіміз деп ойласа, енді бір топтың саяси мақсаты мен мүддесі тар аяда қалып қойған: өз тобын билік басына әкелуге саяды. "Ансар Алла"-ның бір қанаты йемендік қарулы күштермен тұйықталған: шын мәнінде, қарулы тайпалық жасақ десе де болады. Йемен әскерінің ұйымдастырылу принципі - аймақтың, аумақтың (жершілдік) негізінде жүзеге асырылған. Олар үшін ең маңыздысы ел бүтіндігі емес, өз аймағын, аумағын кез келген топтан азат етуде жатыр. Мейлі ол бүлікшілер болсын, мейлі ол заңды биліктің қарулы күштері болса, өз аумағына келгенде, ол екеуінің де жағына шықпайды. Әу баста билік басына заңды жолмен келген сүнниттерге қарсы бүлік шығарған шиғалық хусит тайпасы аталмыш айлақ коалиция тарапына өтсе Ираннан келетін көмектен қағылайын деп тұр. Бұл өз кезегінде тағы бір жанжалдың тұтануына себеп болйын деп тұр - айлақтан өз үлесінен қағылған тайпа қаруын тастай қоймайды, керісінше, өз үлесінен қағылмауы үшін соғысады, екіншіден, аталған айлаққа қатысты араб коалицияның ішінде қайшылық та тағы бір талас-тартысқа себеп болмақ: Біріккен Араб Әмірлігі оңтүстіктегі аса маңызды Аден айлығын ішінара бақылауда ұстап отыр, Ходейданы алса, бұл өз кезегінде БАӘ билігі Аден шығанағын әрі Баб-ен-Мандеб бұғазын, сондай-ақ, Қызыл теңіздің Суэц каналына қарайғы маршруттың бір бөлігін бақылауға алуына мүмкіндік бермек. Бұл маршруттың әлемдік және аймақтық сауда-саттықта орасан зор мәні мен маңызы барын ескерсек, БАӘ билігі кез келген елмен келіссөз жүргізуде қолында көзірін пайдаланатын болады. Яғни, кез келген мәміленің БАӘ пайдасына шешілуіне көп көмегін тигізбек. Араб әлемінде онсыз да аса беделді Әмір әл-Нахайян әлемдік саяси салмағы ауыр тұлғаға айналып шыға келеді. Бұл саудиялықтарға ұнамайтын қадам. Бұдан бөлек, БАӘ ғаламдық элита мен Ұлыбританияның  қаржы ортасына бағдарланса, саудиялықтар АҚШ пен оның "империялық" элитасын эталоны етіп алған. Байқасаңыздар, соғыс мүлдем басқа бағытқа ойысып барады, Осындай саяси бағдар мен қитұрқылықтарға байланысты. Аталған айлақ құласа, Иран айдалада қалайын деп тұр.  Бүгнгі одақтасы мүдде қайшылығына байланысты, әрі аймақтың деңгейден аспаған тайпалық құрылымның үстемдік етуіне байланысты ертең жауына айналып шыға келетін шым-шытырық соғыстың барысын болжағаныңызбен, нақты кесіп-пішіп баға бере алмайсыз. Ең сорақысы, қарпайым йменедіктер күніне мыңдап қырылып жатыр оқтан, аштықтан, шөлден, аурудан, індеттен, дер кезінде көмек көрсетілмеуінен, т.б. Инфрақұрылымы толық күйреген, ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі, т.б, адыра қалған елде бұрыннан өткір мәселеге айналған ауызсу тапшылығы, азық-түліктің жетіспеуі йемендіктерді баудай түсіріп жатыр. Бұдан бөлек, елдің жаппай ескрткіге ден қойғаны алаңдатып отыр. Әлем қауымдастығын. Кат деп аталатын есірткіні шайнайды. Оны арпамен бірге өсіреді. Кат арпаға қарағанда судың жауы - 40 пайызға артық сіңіріп алады. Бұл онсыз да тапшы судың одан ары таусылуына себеп болып отыр. Соғыстан, аштықтан, індеттен Йемен халқының үштен бірі толық күйреп біткен. 

DrZy_CTX0AARd5e.jpg-large

DrgTs9nX4AAUWqo

DrgRCLGX4AAdYrL
 

Соңғы ақпарат бойынша Саудия бастаған коалиция күштері Ходайда қаласын алғанын жария етіп жатса, хуситтер қалаға кіреберісте коалиция күштерінің үлкен шығынға ұшырағанын мәлімдеуде. 

0 пікір
Мұрағат