Соңғы жылдары жастар арасында қатерлі ісікке шалдыққандар қарасы күрт артып кеткен
Соңғы жылдары жастар арасында қатерлі ісікке шалдыққандар қарасы күрт артып кеткен
12 ай бұрын 1158 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша соңғы 20 жыл бедерінде жастар арасында онкологиялық дертке шалдыққандар қарасының күрт артып кеткені байқалып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BMJ Oncology мерзімді басылымына жарияланған зерттеу материалына жөн сілтеген The Wall Street Journal ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әсіресе, жасы елуді еңсере қоймағандар, яғни, елуге дейінгілер арасында күрт өсіп кеткен. Бір ғана АҚШ-тың өзінде 2000-2019 жылдар арасында бұл тараптағы көрсеткіш 12,8 пайызға артып кеткен. Мұндай жағымсыз үрдіс Австралия мен Батыс Еуропа елдерінде де байқалып отыр. Білікті мамандардың өзі мұндай тенденцияның себебін тап басып айта алмай отыр. Десе де кей сарапшылар бұл құбылыстың бастауын қоршаған ортадағы өзгерістер (климат дағдарысы) мен тамақтану мәдениетінің өзгеруінен көріп отыр. Осы орайда, ашшы әрі қуырылған тағамдарды жиі тұтынатын оңтүстік-шығыс Азия елдерінің тұрғындары арасында асқазані-шек обырына шалдығатындар қарасы көптеп кездесетінін айта кету керек. Елімізге келсек, онкологиялық дерт аурулар құрылымында жетінші орында тұр. Жыл сайын елімізде шамамен 37-38 мың адамның бойынан осы кесел анықталады. Ал көрші Өзбекстанда жыл сайын шамамен 20 мыңнан аса адам қатерлі ісікке ұрынады. 

0 пікір
Мұрағат