Соңғы 20 жылда мультимиллионерлер саны екі есеге артқан
Соңғы 20 жылда мультимиллионерлер саны екі есеге артқан
1 жыл бұрын 981 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Chris Leipelt / Unsplash

2003 жылдан бері дәулеті 100 млн доллардан асатын ауқатты азаматтар қарасы 28,42 мың адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Henley & Partners және New World Wealth компанияларының бірлескен зерттеу дерегіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада долларлық центииллионерлер деп аталатын санаттағы байлар турасында сөз болып отыр. 2023 жылдың маусым айында олардың саны 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға өскен. Сарапшылар соңғы 20 жылда ауқатты адамдар санының шапшаң өсуін материалдық және материалдық емес активтер құнының өсуіне әкеліп соқтырған төмен пайыздық мөлшерлемелердің ұзақ мерзімдерімен байланыстырады. Сонымен қатар, бұл бағыттағы динамикаға АҚШ пен Азия елдерінің экономикалық өсімі де әсер еткен. Мультимиллионерлердің көбісі АҚШ-та тұрады – әлемдік көрсеткіштің 38 пайызы немесе 10,66 мың адам. АҚШ-тан кейінгі орында - Қытай (2 358 мың дәулеті шалқыған азамат немесе әлемдегі ауқатталардың 8 пайызы). Үздік үштікті Германия тұйықтаған (1,05 мың адам, шамамен төрт пайыз). Бұл көрсеткіш бойынша қалалар рейтингісінде Нью-Йорк мегаполисі көш бастап тұр - дәулеті 100 миллион доллардан асатын 775 адам бар. Одан кейінгі орынға Сан-Франциско жайғасқан – 692 адам, ал үшінші орыннан Лос-Анджелес көрінген - 504. Осылайша мультимиллионерлер саны бойынша тек Америка құрама штаттарының қалалары алғашқы үштікке енген. Үздік бестік құрамына Лондон мен Бейжің де кіреді.

0 пікір
Мұрағат