Соңғы 20 жылда адамның ғұмыры 6 жылға ұзарған
Соңғы 20 жылда адамның ғұмыры 6 жылға ұзарған
4 жыл бұрын 3166 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өлім-жітімнің дені инфекциялық емес аурулардан болып тұр. Дүниежүзілік денсаулық спқтау ұйымының 2000-2019 жылдар аралығындағы өлім-жітімнің негізгі себептері айтылған баяндамасын сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында тарқатып түсіндірген аталмыш ұйымның бас директорының көмекшісі Самира Асма осындай дерек келтіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, 2000-шы жылға қарағанда 2019 жылы адамдардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен алғанда алты жылға артқан. Дәлірегі, 2000-шы жылы 67 жастан 2019 жылы 73 жасқа ұлғайған. Әлемдегі он өлім-жітімнің жетеуі инфекциялық емес аурулардан орын алып отыр. Солардың ішінде жүрек-қан тамыр ауруларынан бақилық болғандар қарасы көп. Дәлірегі, жүрек-қан тамыр ауруларынан көз жұматындар қарасы соңғы 20 дыл ішінде 7 млн-нан 9 млн-ға көбейген. Аталған аурудан кейінгі орында Альцгеймер өзге де деменция (алжу) түрлерінен қаза тапқандар тұр. Альцгеймерден өлетіндер қарасы жалпы өлім-жітім бойынша үшінші орында тұр, аталған аурудан дүние салатындардың дені әйелдер – 63%. Ал ВИЧ және туберкулезден өлетіндер қарасы керісінше соңғы жылдары азайып келеді. Бұған ең әуелі мемлекет тарапынан аталған аурулармен күресуге арналған кешенді шаралар әсерін тигізіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мәліметтерді әлемнің 183 елінің статистикалық деректерін негізге ала отырып келтіріп отыр. Ал тәжді тажал жұқпалы індетінен өлім-жітім статистикасын 2021 жылы жарияланады.

0 пікір
Мұрағат