Соңғы 10 жылда түрік университеттерінде 19 млн студент білім алудан бас тартқан
Соңғы 10 жылда түрік университеттерінде 19 млн студент білім алудан бас тартқан
3 ай бұрын 1193 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның жоғарғы білім беру жөніндегі кеңес (YÖK) жариялаған дерекке қарағанда 2015-2025 жылдар ааралығында елдегі университеттерде 19 млн-нан аса студент білім алудан бас тартқан. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мәлімет оппозициялық, республикалық халық партиясы атынан сайланған Әлие Тіміс Ерсербер есімді депутаттың парламенттегі сауалына орай берілген жауапты жария болды. Берілген ақпаратқа сәйкес соңғы он жыл ішінде 19 млн 49 мың 203 студент оқудан өз еркімен кеткен. YÖK-тің хабарлауынша, бір ғана 2022 жылы 3,96 млн студент жоғары оқу орындарында оқудан бас тартқан. Бұл үрдіс түрік лирасы бағамының күрт құлдырауымен және инфляцияның күрт өсуімен тұспа-тұс келді: сол жылдың қазан айында елдегі инфляция 85,5%-ға, яғни, рекордтық деңгейге жетті. Бұл тараптағы екінші үлкен көрсеткіш 2018 жылы тіркелді - ол кезде оқудан шыққандар саны 2 млн-нан асты. Тек соңғы төрт жылда 11 миллионнан астам студент оқуын тастап кеткен. Оқудан шыққан студенттердің көпшілігі мемлекеттік университеттерге тиесілі. Оқудан шығарылған 19 млн студенттің 16,9 млн-ы мемлекеттік университеттердің, 2,1 млн-ы жеке меншік, 57 мыңы жеке меншік кәсіптік училищелердің шәкірттері болды. YÖK мағлұматы бойынша 2024 жылы Түркияда ұзынн саны 209 жоғарғы оқу орны, соның ішінде 131 мемлекеттік университет және 78 жекеменшік университет жұмыс істеген. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында төрт жылдық бағдарламалардан шамамен 8,3 млн адам, 7 млн - кіші маманның екі жылдық бағдарламаларынан, 1,4 млн - магистратура бағдарламаларынан және 182 мың - докторантура бағдарламаларынан шыққан. Оқудан шығып қалған түрік студенттерін жасы мен жынысына қарай жіктесек: 20-25 жас аралығындағылардан оқудан шығып кеткендер қарасы – 8 млн; Жалпы оқудан шыққан студенттердің 9,7 млн-ы – ерлер, ал әйелдер – 9,35 млн. Түрік депутаты бүгінгі таңда жоғарғы білім тек қалталы азаматтар ғана қол жеткізе алатын салаға айналғанын тілге тиек етті. Бұл құбылыс өз кезегінде елдегі білікті жұмысшы күшіне қауіп төндіреді. Қысқасы, ел болашағына оң әсерін тигізбейді. Инфляция халықтың тұтынушылық қабілетін көп төмендетіп кетті. Түріктердің төл ақшасы – лира құнсызданған сайын негізгі қажеттіліктердің өзін өтеу қиындап кеткен. Баспана бағасы да шарықтап кеткен

0 пікір
Мұрағат