|
Содырлармен соғысуға қанша қаржы шығындады?
|
Ирак өз аумағы мен Сириядағы содырлармен соғысуға 100 миллиард доллар қаражат жұмсауына тура келген. Бұл жайында Al Sumaria телеарнасы аталған елдің премьер-министрі Хейдар әл Абадиге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Айта кетейік, Иракта азаматтық соғыс 2011 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта содырлар толық жойылып бітпей жатып, енді күрд сепаратистері бас көтеруде. Ирак мемлекеттілігін сақтап қалу үшін жанталасып жатқан әлемдегі санаулы елдердің бірі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті