«Сиыр етінің жарнамасына тыйым салынуы тиіс»...
«Сиыр етінің жарнамасына тыйым  салынуы тиіс»...
3 жыл бұрын 4701 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тағам түрлері мен ас мәзіріне, сондай-ақ, олардың рецептісіне арналған америкалық Epicurious сайты (Conde Nast баспасына қарайды – ред.) экология үшін сиыр етінен жасалатын ас түрлерінің рецептісін жариялаудан бас тартқан еді. Өткен жылы. Бұл жайында islam.kz порталы rtvi.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш сайт редакциясы мұндай қадамға жаһандық жылынумен байланысты жауапкершілікті сезінгендіктен барып отырғанын жасырмады. Яғни, климат өзгерісіне себеп болып отырған атмосферадағы паркникті газдың едәуір мөлшерін бөлетін ірі қара етінен дайындалатын тағам түрлерінің жаңа рецептісін бұдан былай жарияламауды жөн көрген. Осылайша ай сайын сегіз жарым млн адам кіретін сайт өз оқырмандарының тұтыну мәдениетін заман талабына сай қалыптастыруды көздеп отыр. Бұл бағыттағы статистикалық дерек бойынша сиыр етінің бір келісін өндіру үшін атмосфераға 60 келі парникті газ бөлінеді. Бұл көрсеткіш қой етін өндіруден бөлінетін парникті газдан екі есе көп. Бір қызығы, сиыр етінен әзірленетін тағамдар рецептісін осыдан бір жыл бұрын тоқтатқанын, алайда, бұл өзгерісті оқырмандардың ешқайсысы байқамағанын жариялаған екен – дау-дамай басталып кетті: аталмыш сайт редакциясының бұл бастамасына наразылық білдіргендердің айтуынша, сиыр етінің өнеркәсіптік деңгейдегі өдірісі мен сиыр етінен жасалатын тағам рецептісі арасында қисынға келетін байланыс жоқ. Десе де оқырмандарда сиыр етінің рецептісінің сиыр етіне деген сұранысты тудыратынын, бұл жайт өз кезегінде ірі қара шаруашылығының дамуына жол ашатынын ескермеген еді.

Ұқсас материалдар:

«Әлем бойынша жердің 30%-ы жайылым үшін пайдаланылады, барлық мал басы жойылса, атмосферадағы СO2-ы 68%-ға азаяды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-jerdin-30-y-jaiylym-ushin-paidalanylady-barlyq-mal-basy-joiylsa-atmosferadagy-so2-y-68-ga-azayady-16362/#gsc.tab=0);

«Ірі қарадан бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iri-qaradan-bolinetin-ziyandy-qaldyqtardy-azaitudyn-tasili-tabyldy-16209/#gsc.tab=0);

«Сиырдың жапа тастағаны қадағаланады...» (https://islam.kz/kk/news/alem/siyrdyn-japa-tastagany-qadagalanady-13854/#gsc.tab=0);

«Ірі қара жемі үшін метанның бөлінуін азайтатын қоспа жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/iri-qara-jemi-ushin-metannyn-bolinuin-azaitatyn-qospa-jasaldy-15253/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат