Сирия қатерінің бірі
Сирия қатерінің бірі
2 күн бұрын 364 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Karam al-Masri / Reuters

Станислав Тарасов есімді ресейлік сарапшы Сириядағы аумалы-төкпелі кезеңнің ықтимал қатерлерінің біріне тоқталды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, Сириядағы төңкерістің арты азаматттық соғысқа ұласып кету қаупі жоғары. Егер бұл сценари іске қосылса, Сирия бөлшектенеді. Дәлірегі, бұл соғысқа Иран мен Түркия да араласуы мүмкін. Өйткені, күрд факторы осыған итермелуі ықтимал. Сириядағы күрдтер өз мемлекетін құрудың ұрымтал тұсын күтіп жүр. Сириядағы аумалы-төкпелі кезеңді пайдаланып, бас көтеруі мүмкін. Сириядағы күрдтер ғана емес, сонымен қатар, Түркиядағы «Күрдістанның жұмысшы партиясы» мен Ирандағы күрдтер де қарап қалмайды. Олар белсенді әрекетке көшуі ықтимал. Мұндай жағдайда Түркия да, Иранда соғысқа еріксіз тартылуы мүмкін. Күрдтер бұл соғыста, әлбетте, Америка құрама штаттары мен Израилге арқа сүйейді. Мәселен, қару-жарақ алады, т.б. Мұның арты Таяу Шығыстағы шиеленісті одан ары тереңдетіп, дағдарыстың созылуына әкеледі. Осы орайда Башар Асад режимін құлатып, билік басына келген "Хайат Тахрир аш-Шам" ұйымын АҚШ (The Washington Post мерзімді басылымының жазуынша) пен Ұлыбритания (Theuk.One дерек көзінің хабарынша) террористік ұйымдар қатарынан шығаруы мүмкін екені хабарланғанын айта кетпекпіз. Яғни, кезінде террористік топ деп танылған аталмыш ұйымның билігін мойындап, заңды деп тануы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат