|
Сирия президенті намаз кезінде өзін біртүрлі ұстады (ВИДЕО)
|
Ғаламтордың араб тілді қолданушылар Сирия президенті Башар Асадтың Мәуліт мерекесіне орай жамағатпен оқылған намаз кезінде өзін ебедейсіз ұстағанын талқылап жатыр. Тікелей эфирді Сирияның мемлекеттік теледидары жүргізген болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары президенттің өз денесіне ие бола алмай жайсыз күйді бастан кешкенін аңғарып қалған екен. Әсіресе, Сирия мүфтиі Бадруддин әл-Хассун мен уақыптар министрі Мұхаммед Әбдел Саттар ас-Сайедтің жанында бір сапта тұрған кезіндегі қимылы елдің назарын аударған болатын. Ғаламтор қолданушылары президенттің рүкүғқа барған кезінде ауыр дем алғанын сан саққа жоруда. Нақтырақ айтқанда, президенттің денінің саулығына күмән келтіріп жатқандар бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді