Сиднейдегі мұсылмандар мешіт салуға рұқсатты сот арқылы алды
Сиднейдегі мұсылмандар мешіт салуға рұқсатты сот арқылы алды
2 жыл бұрын 924 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралия мен Жаңа Зеландияда танымал мұсылман спортшысы Сонни Билл Уильямс (суретте - ред.) Сиднейдің оңтүстігінде үлкен мешіт салуға соттан рұқсат алды. Мешіттің бастапқы жобасын 2021 жылдың желтоқсан айында 12 жергілікті тұрғынның наразылығына байланысты қала билігі қабылдамаған еді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Daily Mail дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейіннен Сонни Билл Уильямс жерді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау сотына шағымданды. Сот оның шағымын қанағаттандырған екен. «Бұл мешіт құрылысына рұқсат алу оңай болған жоқ, оған 4-5 жыл кетті. ИншаАллаһ, жаңа мешітімізде жылына 365 күн, 5 уақыт намаз оқитын боламыз. Құдай қоғамымызды нәсілшілдіктен тазартсын», - деп түсіндірді Уильямс.

0 пікір
Мұрағат