Швецияда қанша мешіт бары белгілі болды
|

Шведтердің діни қауымдастықтарды қолдау жөніндегі агенттігі ел аумағында мешіттердің көбейіп келе жатқаны туралы дерек келтіріпті. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде аталған скандинавиялық ел аумағында 300-ге тарта мешіт бар. Швециядағы мұсылмандардың ең ірі құлшылық үйі ел астанасы – Стокголм қаласының Санкт-Эриксгатан көшесінде орын тепкен Айша мешітінің тұрғызылғанына да жиырма жылдай уақыт өткен екен. Бұл ғидабат ғимаратында жұма уағызы ағылшын, швед, араб және урду тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта аталған елдің бірнеше өңірінде жаңа мешіттер салынып жатыр. Мәселен, Хелсингборгта көп ұзамай бой көтеруі тиіс Скандинавияның ең ірі мешітіне айналады.. Тағы бір ірі мешіт Стокгольмде салынып жатыр. Мешіттердің көбісі Сауд Арабиясы, Иран, Катар немесе Түркия қаражаты есебінен салынған. Әр төртінші швед мешітіне Саудия демеушілік етеді. Алайда, барлық мешіттер арнайы салынбайды. Олардың кейбіреулері құдайға құлшылық ету үшін бейімделген өнеркәсіптік немесе сауда ғимараттары немесе қоймалар.




