|
Швеция әлемдегі үздік ел болып танылды
|
«The Good Country» рейтингісі бойынша кезекті рет әлемнің үздік елдері анықталды. Аталмыш рейтингте Швеция көш бастады. Мемлекеттер ғылым мен технологияға, халықаралық бейбітшілікке, және қауіпсіздікке қосқан үлесі, климатқа қамқорлығы, әлемдік тәртіп, денсаулық пен әл-ауқат жағадайларына байланысты екшелген. Алғашқы ондыққа, сондай-ақ, Дания, Нидерланды, Ұлыбритания, Германия, Финляндия, Канада, Франция, Австрия және Жаңа Зенландия кірді. Ресей 72 орында - Эквадор (71-ші) мен Марокконың (73-ші) арасында. Оларға таяу орындарда: Украина - 78-ші, Беларусь - 79-шы, Қазақстан - 110-шы орында. Ең соңғы орында - Ливия, рейтингінің соңғы жағынан орналасқан Сирия - 158-ші орында екенін атап өткен жөн.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады