Ширек ғасырдан кейін кәрі құрлықтағы мұсылмандар қарасы Еуропа тұрғыдарының 20%-ын құрайды
Ширек ғасырдан кейін кәрі құрлықтағы мұсылмандар қарасы Еуропа тұрғыдарының 20%-ын құрайды
3 жыл бұрын 2597 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Уашингтон қаласында орналасқан Pew Research Center зерттеу орталығының (әлемдегі әлеуметтік, демографиялық тенденцияларды зерделейтін ортадық) келтірген мәлімет бойынша ширек ғасырдан сәл астам уақытта, дәлірегі, 2050 жылға дейін кәрі құрлықтағы мұсылмандар қарасы еуропалық тұрғындардың 20 пайызын құрайтын болады. Бұл жайында islam.kz порталы RMX News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, Еуропа аумағындағы мұсылмандар саны бүгінгі деңгейіне қарағанда үш есе өсіп,  76 млн-ға жетуі мүмкін. Алайда, Венгрия, Полша, Словакия және Чехияда мұсылмандар қарасы өсе қоймайды. Ал жекелеген еуропалық елдер арасында Швеция бұл тарапта көш бастап, халқының санына шаққанда мұсылмандар қарасы 30 пайызды құрап, 4,4 млн адамға дейін көбеюі ықтимал. Екінші орында Германия тұр, халқының санына шаққанда - 19,7%, 17,4 миллион. Ал Ұлыбританияда 2050жылға дейін мұсылмандар саны 13 млн-ға жетуі мүмкін. 2050 жылға қарай Еуропадағы мұсылмандар қарасы бүгінгі санына шаққанда (шамамен бес пайыз) 7,4%-ға, кей дерек көздерінде 14 пайызға дейін артпақ. Бұл ең алдымен мұсылмандар арасындағы туу көрсеткішінің жоғары болуымен байланысты. Сарапшылардың есебінще, 2050 жылға дейін адамзат саны 9,3 млрд адамға дейін жетуі кәдік, ал аталмыш мерзімге дейін әлемдегі мұсылмандар қарасы 2,8 млрд адам (адамзаттың жалпы санынан шаққанда 30%; христиандар саны - 2,9 млрд (31,5%); үнді наным-сеніміндегілер - 15% (1,4 млрд) болмақ.Осыдан алты жыл бұрынғы дерек бойынша Еуропадағы мұсылмандар саны 44 млн адамды құраған еді. Бүгінде Еуропаға ағылған босқындар мен мигранттардың 90 пайызы мұсылмандар. 

Фото: Rew Recearch Center

Ұқсас материалдар:

«2070 жылы мұсылмандар мен христиандардың саны теңеседі» (https://islam.kz/kk/news/alem/2070-jyly-musylmandar-men-hristiandardyn-sany-tenesedi-7474/#gsc.tab=0);

«Мұсылман елдері мен ислам ме»лекеттері" (https://islam.kz/kk/news/alem/musylman-elderi-men-islam-memleketteri-15961/#gsc.tab=0);

«Германия мұсылмандарының саны 6 жылда 5 есеге көбейген» (https://islam.kz/kk/news/alem/germaniya-musylmandarynyn-sany-6-jylda-5-esege-kobeigen-15165/#gsc.tab=0);

«Еуропаның қай елдері тұрғындар санына шаққанда 20-30% мұсылман болып қа»мақ" (https://islam.kz/kk/news/alem/europanyn-qai-elderi-turgyndar-sanyna-shaqqanda-20-30-musylman-bolyp-qalmaq-9240/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат