|
Шииттерге Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әйелдері мен сахабаларына тіл тигізуге тыйым салды
|
Шиит мұсылмандарының жоғары заң шығарушыларының бірі – аятолла Сеид Али Хусейни Систани Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) әйелдері мен сахабаларға тіл тигізуге тыйым салды. Оның мұндай қадамға баруына Ирактың Азамия елді-мекенінде орын алған радикалдардың әрекеті болды. Дәлірегі, имам Жауаданың өлген күніне орай (шииттердің атаулы күні – ред.) ұйымдастырылған шеру кезінде радикалдар мүміндердің екінші халифі Омар (р.а.) бен Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) зайыбы Айша анамызға (р.а.) жұртқа естірте тіл тигізген болатын. Бұл жайында Ресей Федерациясындағы аятолла Систанидің ресми өкілдігінің сайты хабар таратты. «Бұл Әһлі-бейт имамдарының шиттерге қатысты нұсқауына қайшы келеді», - деп қаулы шығарды аятолла.