Шиғалар амалсыз йогаға бет бұрып жатыр... (ФОТО)
Шиғалар амалсыз йогаға бет бұрып жатыр... (ФОТО)
7 жыл бұрын 4995 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістандағы үнді мен Оңтүстік шығыс Азия елдеріндегі будда радикалдары мұсылмандардың қыр соңына түсіп, қуғын-сүргінге салғаны, қысым көрсеткені, қырғынға ұшыратқаны әлем қауымдастығын алаңдатқанымен аталған елдердің басшылары айылдарын жияр емес. Батыс елдеріндегі исламофобиямен салыстырғанда Үнідстан мен Оңтүстік шығыс Азия елдеріндегі мұсылмандарға деген жаулық пен қастық аса қатыгездігімен ерекшеленеді. Кезінде үнді радикалдарының жергілікті мұсылмандарды йогаға үгіттеп, өз атрибуттарын күштеп таңуға тырысқан болатын. Қай діннің өкіліне еліктесең, ақыретте соларға ұқсайсың – бұл өнеге толеранттылықтың тасасында әлдеқашан ұмытылып қалған. Әлбетте, тыныштық керек, бір жағы. Соңғы жылдары үні мұсылмандары пұтқа табынушылық жағын елемей, йогаға ден қойып жатыр. Оның жаттығу, дене шынықтыру құралы ретінде пайдаланса, айыбы жоқ деп білген. Тіпті, медреседе де йогамен шұғылданатын болған. Биыл, мауым айының 21-і күні халықаралық йога күні аталып өтеді. Осы шараға исламофобиялық мәлімдемелерімен аты шыққан ел премьері Нарендро Модимен бірге мұсылмандар да қатысатын болды. Шиғалар имамы Лакхнау Ясуб Аббас йомен айналысудан қандай да бір жаманшылық көріп отырмағанын жеткізді. Бұл жайында  Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. «Ислам йогадан қауіптенетіндей қайдағы бір әлсіз дін емес» деп ақталғансыды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аюрведтер, йогалар, натуропатилер, унанилер, сиддхилер және гомеопатиялықтар ісі жөніндегі министр Шрипад Наик елдегі мұсылман жамағатын осынау үнділердің айтуылы шарасына атсалысуға шақырған болатын.

 

Картинки по запросу muslims yoga

Картинки по запросу muslims yoga

Картинки по запросу muslims yoga

Картинки по запросу muslims yoga

 

1 пікір
  • Астагфируллах, макаладагы суреттер Индуизм (Капир) динин насихаттаганга коп уксайды екен. Бизде де кейбир имамдар Куранда Христиандар китап иелери деп жазылганын алга тартып, оларды капир емес,нагыз иелер (Кожайын) дегенге келтирип насихат жургизип жаткан дин бузушылар коп емес пе.Жыртык тесикке куледи деген осы шыгар.
    7 жыл бұрын
Мұрағат