|
Шешенстандағы Урус-Мартан көшелеріне тағамға толы тоңазытқыштар қойылды
|
Шешенстандағы Урус-Мартан қаласының бір көшесінде іші түрлі тағамға толы тоңазытқыш қойылыпты. «Ол жағдайы төмендерге арналған шара есебінде ұйымдастырылды», - дейді «Хайра» қайырымдылық ұйымының жетекшісі Минкаил Ахмадов. Минкаилдың айтуы бойынша: "Бізде патриотизм сөзі көп айтылады. Біз адамдарға көмектесуіміз керек. Сондықтан біз осыны қолға алып, жағдайы төмен жандар дәм татсын деп көшеге тоңазытқыш орнатуды жөн көрдік".
Оның сөзіне қарағанда тоңазытқыштың іші босап қалған жағдайда жергілікті тұрғындар кезектесіп толтырып тұрады. Пісірілген тамақтар үйден әкелінсе, су, нан секілді заттарды дүкеннен алады.
Алдағы уақытта «Хайра» ұйымы Шешенстанның басқа да аудандарына осындай тоңазытқыштар қоюды жоспарлап отыр деп хабарлайды www.аif.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Жапония азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзартты
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды