«Шейхтың мұрны» мұсылмандар наразылығын тудырды
«Шейхтың мұрны» мұсылмандар наразылығын тудырды
9 жыл бұрын 2825 islam.kz

АҚШ-тағы аса ірі Wal-Mart супермаркеттер желісінде Хэллоуин мерекесіне орай жапсырмалы-жасанды (жалғанбалы) мұрынды және осы мерекеге арнап тігілген киім үлгілерін саудаға шығарды. Аталмыш сауда желісінің сөресіне «Шейхтың мұрны» деп аталатын тауар да қойылған екен. Бұл тауар өз кезегінде осы елдегі мұсылмандардың наразылығын тудырды. Нақтырақ айтқанда, Америка-Араб комитетінің құқық қорғаушылары аталмыш сауда желісінен сөреден аталған тауарды алып тастауды талап етті. Бұл жайында New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Мұсылман құқық қорғаушылары аталмыш сауда желісін әр нәсіл мен ұлттың сыртқы бейнесіне қарап, кемсітіп отырғанын алға тартты. Сауда сөресінен, сонымен қатар, балаларға арналған Израил сарбазының формасы да алынды. «Үрей мен зорлық-зомбылықтың символы көңіл көтеру құралына айналмауы керек»,- деп айтылған құқық қорғаушылар мәлімдемесінде.

0 пікір
Мұрағат