Құдайды жоққа шығаруға мәжбүрледі
Құдайды жоққа шығаруға мәжбүрледі
9 жыл бұрын 2917 islam.kz

Buzz Feed ақпарат көзінің хабарлауынша, АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы мектеп мұғалімінің оқушыларына Құдайдан бас тартып, оны жоққа шығаруға мәжбүрлегені әшкере болды. Осыған қатысты ақпаратта аты-жөні айтылмаған мұғалім сауалнама жүргізген: баc-аяғы тоғыз сауалға жауап беру арқылы оқушылар өз бағасын беруі тиіс тапсырма бойынша олар (оқушылар) әр сауалдың тұсына F («факт»), CA («кеңінен тараған сенім») және О («көзқарас») әріп таңбаларының біреуін қоюы тиіс болатын. Сауалдардың арасында «гепард — құрлықтағы ең жүйрік аң, көзілдірік таққан адам – ең ақылды адам, Құдай бар» деген сауалдар да бар болатын. Оң мен солын толық танып үлгермеген мұғалімнің бұл шатақ тапсырмасы жабулы қазан күйінде елеусіз қалар ма еді, егер Джордан Вули есімді 12 жастағы жетінші сынып оқушысына Құдайдың барына қатысты сауалдың тұсына "О" әріп таңбасын қоюға мәжбүрлемегенде. «Маған оның бұнысы ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтындай көрінді. Меніңше, менің сенімім мен дінім мектеп қабырғасында оқытылатын пәнге қатысы болмауы керек еді»,- деді оқушы қыз. Бұл даудан Техас губернаторы Грэг Эббот та хабардар екен, Джордан Вулидің батылдығына сүйсініп, резиденциясына шақырып алып, алғысын білдірді.

0 пікір
Мұрағат