Шартарап: Үндістан селфи жасауға тыйым салуда
Шартарап: Үндістан селфи жасауға тыйым салуда
8 жыл бұрын 3285 ҚазАқпарат Cмартфонға үңілген адамдар соғылып қала беретін ескерткіш

Мумбай қаласының әкімшілігі қаланың 16 ауданында селфи жасауға тыйым салды, деп хабарлайды The Guardian басылымы. Тыйым салынған жерлер қауіпсіз емес, алайда әдемі суретке түсуге құмарлар бастарын қауіпке тігуге кедергі болмай отыр. Басылымның жазуына қарағанда, 2014 жылы әлемде селфи жасамақ болып, қаза тапқан 49 адамның 19-ы Үндістан азаматтары болған. Қайғылы оқиғалардың жиіліеп кеткеніне алаңдаушылық білдірген полиция қауіпті аймақтарда селфи жасауға тыйым салуға асықты. Осылайша, қоршаулар мен арнайы ұстап жүретін тұтқалары жоқ жартасты жағалауларда селфи яғни автопортрет жасауға тыйым салынды. Талапты орындамағандарға 1200 рупий (6 200 теңге шамасында) көлемінде айыппұл салынады, бұл Үндістанда аз ақша емес. Ақпан айында колледждің 18 жасар студенті Насик қаласындағы жартастың үстінде селфи жасамақ болып, суға құлап батып кеткен. Оны құтқарам деп суға секірген группаласы да көз жұмды.

 

Қытай азаматы әйелінің адалдығын сағыз арқылы тексерді

Қытайдағы Ухан қаласының тұрғыны әйелінің адалдығын сағыз арқылы тексерді. Ол бұл іске 18 жастағы баласы мен өзінің мүлдем ұқсамайтындығынан барған, - деп хабарлайды "Вести.Ru"Ер адам әйелі мен баласы шайнаған сағыздарды астыртын жинап, зертханадан ДНҚ сараптамасын өткізуге тапсырыс берген. Өз кезегінде нәтиже сәйкес келген, яғни әйелінің адалдығы дәлелденіпті. Ал әке мен баланың ұқсамауын дәрігерлер олардың даму ерекшеліктерімен, дұрыс тамақтану мәселесімен және спортқа деген құлшынысымен түсіндірген. Сонымен қатар, күдіктенген күйеуінің астыртын жүргізгенін әйелінің біліп қойғаны айтылып отыр. 

 

Cмартфонға үңілген адамдар соғылып қала беретін ескерткіш алып тасталды

Ұлыбританияда шіркеу маңындағы ескерткішті басқа жерге көшірді. Себебі смартфон қарап, онда мәтін теріп келе жатқан адамдар оны байқамай, бастарын соғып ала берген. Бұл туралы The Telegraph агенттігі хабарлады. Алақан қысқан екі қол түріндегі алты метрлік ескерткіш мүсін «Тағзым» деп аталады. Ол 12 ақпанда Солсбериде ашылған «Сыйластық» аталатын Софи Райдердің мүсін көрмесінің бөлігі. Бастапқыда ол жаяу жүргіншілердің соқпақ жолында орналасқан, әрі жүргіншілер оны айналып өтуі керек-тін. Мүсінші Софи Фейсбукте мүсінді көшіру барысы түсірілген видео жариялап, былай деп жазды: «Мүсінді басқа жерге ауыстыруға мәжбүр болдық, себебі смартфонда мәтін теріп, құрылғыдан көз алмай келе жатқан адамдар оған баспен соғылып жатыр. Осындай жағдай жиілеп кетті». Жаяу келе жатып ұялы телефоннан бас алмай мәтін теруді текстинг деп атайды, соның салдарынан жарақат алу күрделі мәселеге айналып отыр.  АҚШ-та текстинг салдарынан жарақат алғандар жыл сайын артып келеді.   2010 - 2014  жылдар кезеңінде ол 124%-ға артты.

1 пікір
Мұрағат