Шартарап: Мұсылман әйеліне тағы шабуыл жасалды
|
Канаданың Монреал қаласының метросында жұмысқа кетіп бара жатқан Ханан Меһді есімді мұсылман әйелі исламофобтың шабуылына ұшырады. Өзіне жұдырық ала жүгірген әйел: «Еліңе кет!» деп айқайлаған. Бұл жайында Le Journal de Montreal ақпарат көзі хабар таратты. Хананның 9 жастағы қызы осы оқиғадан қатты шошынып қалған болатын. Ханан жұмысқа баруға дәрмені қалмай үйіне қайтты. Полиция кінәліні іздестіріп жатыр.
350-ден аса америкалық студент-бойжеткен шариғат шәлісін тағып көрді
АҚШ-тың Миннесота жоғарғы оқу орындарының бірінде мұсылман студенттерінің ұйымы наным-сенімі бөлек құрбыларына шариғат шәлісін бір күн жамылып жүруді ұсынған екен, олардың бұл ұсынысына құлақ асқан 350-ден аса америкалық студент-бойжеткен аталмыш акцияға қатысқан екен. Бұл шара «Ислам жайында мағлұмат беру апталығы» аясында өткен болатын. Мұсылман студенттері құрбыларына, сонымен қатар, асыл дініміз жайында мағлұмат беріп, олардың сауалдарына жауап берді.