Шартарап: Австралияда дәрігерлер ағза мүшесі сыртына бітіп туған сәбиді аман алып қалды (фото)
8 жыл бұрын 4370 Stan.kz, inform.kz, The Daily Mail 0
Австралия тұрғыны ұлының аномалиясы жөнінде жүктілігінің 12-аталығында УЗИ-ге түскен соң ғана білген. Алайда, аборт жасатудан бас тартқан.
Тедди есімді сәби өмірге мерзімінен бұрын келген.
Туа бітті ақауы салдарынан нәрестенің ішегі денесінің ішінде емес, сыртына бітіп туылған. Сондықтан дәрігерлер оны бірден қаттамамен орап тастаған.
Сәбиді екі апта бойы ішкі ағза мүшелері мен асқазаны өсуі үшін кувезге жатқызып қойды. Бір жарым айдан кейін Теддиді анасымен бірге емханадан шығарған.
Қазір Теддиге 6 ай болды. «Ол өте көңілді сәби. Үнемі күле береді. Адамдарды танымаса да олармен сөйлескенді жақсы көреді», – дейді анасы Холли Ходгсон.
Қытайда мыңдаған роботтар биледі (ВИДЕО)
Қытайдағы Шаньдун провинциясында 1007 синхронды билеген роботтар әлем рекордын орнатты. Бұл ерекше оқиғаның видеожазбасы «Guinness World Records YouTube» арнасында жарияланды. Биіктігі 43,8 сантиметрлік машиналар бір ұялы телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқарылды. Би бір минутқа созылды. Бұдан бұрынғы бір уақытта билеген роботтар саны бойынша рекорд та Қытайда тіркелген болатын. Оны «UBTECH Robotics» корпорациясының 540 роботы орнатқан еді.