Шариғат шәлісін жамылған таксиші әйел
|
Исламофобиялық әрекеттер жиі орын алатын, мұсылмандарға жиі шабуыл жасалатын елде шариғат шәлісін жамылып, такси айдауға екінің бірінің батылы бара бермейді. АҚШ-тың Милуоки қаласының такси қызметі осыдан төрт ай бұрын тағы бір таксишімен толықты. Шариғат шәлісін жамылған 35 жастағы Сулека Исах: «Маған жұмысым ұнайды. Такси жүргізгім келді ме, маған ешкім де тыйым сала алмайды»,- деді ол ағынан ақтарылып. Кейінгі кезде қауіпті кәсіптердің бірінен саналатын таксиші болу үшін ер адамдардың өзі абайлап жүретін болған. Таксиші болған ақ жаулықты мұсылман әйелінің айтуынша, осы уақытқа дейін жолаушылар тарапынан қандай да бір кемсітушілікке ұшырамағанын жеткізді. Жолаушылардың дені шариғат шәлісін жамылып, рөлде отырған бұған таң-тамаша болып, таңдана қарайтын көрінеді.