Шамандықтың неліктен дін ретінде тіркелмейтіні айтылды
Шамандықтың неліктен дін ретінде тіркелмейтіні айтылды
3 жыл бұрын 2892 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Шамандар көбейіп келеді...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/shamandar-kobeiip-keledi-15617/#gsc.tab=0) материалымызда бүгінде Ресей аумағында шамандар (яғни, бақсылар) қарасы жылдан жылға көбейіп, төрт мыңға жетіп қалғанын жазғанбыз. Соқыр наным-сенімнің осынау түріне, өкінішке қарай, жанына дауа, дертіне шипа іздеген жұрт тарапынан сұранысы артып келеді. Соңғы уақытта белсенді әрекетке көшкен шамандардың Ресей Федерациясы билігінен шаманизмді ислам, христиан, т.б. әлемдік діндер қатарында тіркеуге, яғни, билік тарапынан ресми дін ретінде мойындалуына күш салып жатқанын да жазғанбыз. Осыған байланысты Мәскеу қаласы түбіндегі Андреевка кентінде орналасқан Спас шіркеуінің тәлімгері Димитрий Полещук шаманизмнің Ресейдегі діндердің бірі ретінде неліктен ресми мойындалмайтынын, дәлірегі, мұның мүмкін емесін «Вечерняя Москва» мерзімді басылымына берген сұхбатында айтып беріпті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Димитрий Полещуктың сөзіне қарағанда, шаманизм ислам, христиан, иудаизмге қарағанда біртекті емес, яғни, оның айтуынша, дін «кітаппен анықталады», мәселен, қасиетті Құран, Інжіл, Тәурат немесе иудейлердің ведасы. Ал шамандарды тек ілім ғана бар, оның өзі ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріледі, сондай-ақ, бірыңғай діни орталығы мен қағидаттары жоқ. «Бар мәселе осында. Біз қандай шамандықты мойындап, қолдауымыз керек?»,- деп сауалға сауалбен жауап берген ол шамандықтың түп төркіні дінсіздікке барып тірелетінін тілге тек етті.

0 пікір
Мұрағат