Семіздік індетімен және сусамыр дертімен күресу үшін құрамында тәттісі көп өнімдер жарнамасына тыйым салынуы мүмкін
Семіздік індетімен және сусамыр дертімен күресу үшін құрамында тәттісі көп өнімдер жарнамасына тыйым салынуы мүмкін
5 жыл бұрын 3337 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сингапур билігі соңғы уақытта күллі әлемді шарпыған, ел тұрғындарын да айналып өтпеген сусамыр дертімен күрес аясында құрамында тәттісі көп сусындар жарнамасына тыйым салуды көздеп отыр. Мұндай шара әлемде тұңғыш рет аталған елде қолға алынып жатыр. Бұл жайында Straits Times ақпарат көзі хабар таратты. Сингапурдың денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Эдвин Тонгтің жасаған мәлімдесіне қарағанда, аталған ел билігі құрамында қанты көп сусындарды өндіретін компанияларға өнімнің сыртына «адамның денсаулығына зиянды» деген ескертпе жазуы бар белгіні жапсыруға міндеттемек. Атап айтқанда, құрамында қанты көп алькоголсыз сусындар мен сүт өнімдері, соның ішінде йогурт құтыларының сыртына әлгіндей ескертпе белгіні жапрысуы тиіс. Аталмыш тыйым нақты қашан салынатыны 2020 жылы белгілі болмақ. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегі бойынша әлемнің 30-дан аса елінде сусындар құрамында қанша қант қосылғаны турасында ақпарат өнімнің сыртында жазылады.

0 пікір
Мұрағат