Иранның әскери роботтары (видео)
Иранның әскери роботтары (видео)
5 жыл бұрын 2960 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның әскери роботтары туралы материалдар Twitter әлеуметтік желісіндегі Iran Military аккаунтында жарияланыпты. Сырт көзге шағын корпусты аппараттың танкіні істен шығарады дегенге сену қиын. Калашников автоматынан оқ жаудырғанда оның қуатына көз жеткізе түсесіз. Әзірге оның техникалық сипаты ашып айтылған жоқ, Heidar-1 деп аталатын мұндай аппараттардың бір түрі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Үшінші Рейх армиясы қолданған болатын. «Голиаф» деп аталатын өздігінен жылжитын мина ретінде. «Голиафтың» радиусы бар-жоғы 1,5 шақырымнан аспаған болатын. Алайда, ол кезде сымсыз технология жоқ еді ғой. Өздігінен жылжитын мина кабелдің көмегімен басқарылатын. Ирандықтардың бұл роботы барлаушы аппарат ретінде қолданылуы мүмкін.

Видеодан көретіндеріңіздей, 7,62-мм пулеметімен жабдықталған мобилді роботталған платформаны ирандық Rayan Roshd Afzar компаниясы құрастырған.

 

0 пікір
Мұрағат