Саудиялық қор биржасы жария сауда компаниясына айналады
Саудиялық қор биржасы жария сауда компаниясына айналады
4 жыл бұрын 2442 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялық қор биржасының операторы биыл алғаш рет жария түрде акция орналастыруды өткізетіндерін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудиялық Tadawul – араб әлеміндегі аса ірі қор биржасы (капитал мөлшері – 2,5 трлн доллар). 2016 жылы Tadawul топ-менеджменті 2018 жылы өткізуге жоспарланған листингті ұйымдастыру үшін HSBC банкін жалдаған болатын. Алайда, бұл шара Saudi Aramco аса ірі саудиялық ұлттық мұнай компаниясының IPO-на байланысты  өтпей қалды. Осы жолы оператор IPO-ны қайткен күнде де өткізуге бел байлап отыр әрі халықаралық және аймақтық банктерге аталмыш шараға қатысу туралы ұсыныс жіберуде. Бұл шараның нақты уақыты әлі айтылған жоқ. Tadawul жетекшісі Халида әл Хассанның айтуынша, пандемияға қарамастан 2020 жыл саудиялық қор биржасына сәттілік әкелген жыл болды – өтімділік үш есеге артқан, саудиялық акция портфеліне ие шетелдік білікті инвесторлар қарасы 26%-ға артқан.

0 пікір
Мұрағат