Саудиялық ерлерге 4 елдің әйелдерімен үйленуге тыйым салынды
Саудиялық ерлерге 4 елдің әйелдерімен үйленуге тыйым салынды
4 жыл бұрын 12415 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялық ер-азаматтардың қалыңдық таңдау мүмкіндігі шектелді, дәлірегі, аталған араб елінің билігі 4 елдің, атап айтқанда, Пәкістанның,  Бангладештің, Чадтың және Мьянманың  әйелдерімен отбасын құруға тыйым салды. Саудия билігінің мұндай қадамға баруына аталған елдерден саудиялық ер-азаматтарға тұрмысқа шыққандардың қарасы жарты млн-ға жетіп қалғаны түрткі болып отыр. Елде қалыңдық тапшы болса да билік осындай шектеу шарасы арқылы, дәлірегі, байырғы тұрғындарды аралас некеден ұлттың бірегейлігіне төнетін қауіптің бетін қайтаруды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы GulfNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандану дәуірінде етек алған аралас неке әр ұлттың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетіне қатер төндіретін қауіпке айналған. Осыған байланысты жасы 25-тен аспаған саудиялық ерлерге шетелдік әйелмен шаңырақ көтеруге тыйым салынып отыр. Егер саудиялық ер-азамат әйел үстіне әйел алғысы келсе, яғни, екінші әйелмен неке қидырғысы келсе, тиісті құзырлы органдарға бәйбішесінің, яғни, бірінші әйелінің мүмкіндігі шектеулі жан немесе созылмалы аурудан зардап шегетін науқас екенін я болмаса бала көтеру қабілеті (бедеу) жоғын растайтын медициналық куәландыру құжатын ұсынуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат