|
Саудиялық әйелдерге көп нәрседе еркіндік берілгенімен қандай мәселелерде оларға салынған тыйымдар әлі күшін жойған жоқ
|
Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформа аясында саудиялық әйелдер автокөлік жүргізуден бастап, жол көлік қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік инспекцияға қызметке тұруға дейін, әуе компанияларында стюардессадан бастап, ұшақ тізгінін басқаруға дейін, циркте өнер көрсетуге, әскер сапында отан алдындағы борышын өтеуге, ешкімнің келісімінсіз шетелге шығып, саяхаттауына дейін рұқсат етілген. Алайда, саудиялық әйелдерге салынған тыйымдардың бәрі күшін жойған жоқ, соларды тізбелеп шықсақ:
- Қамқоршы ер адамның (әкесі, ағасы немесе басқа туысы болуы мүмкін) келісімінсіз тұрмыс құруға;
- Қамқоршы ер адамның келісімінсіз банктен шот ашуға, банк қартасын алуға немесе өзге де қаржылық құжаттарға ие болуға және қаржымен байланысты мәселелерді шешуге;
- Балаларына өзінің азаматтығын беруге (аталған монархиялық араб елінде шетелдікпен отбасын құрған саудиялық әйелдің баласына азаматтық беру заңнамада қарастырылмаған);
- Сауда орындарында киімді бойына қаншалықты шақ келетінін білу үшін өлшеп көруге (бөгде ер-азаматтардың назарын аудармауы үшін салынған тыйым) рұқсат етілмейді.
Қарай отырыңыз:
«Саудия қандай мамандық иелеріне азаматтығын береді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/saudiya-qandai-mamandyq-ielerine-azamattygyn-beredi-12809/#gsc.tab=0)
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді