Саудияда тағы бір шектеу алынды
Саудияда тағы бір шектеу алынды
7 жыл бұрын 2715 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта Саудияда шектеулер мен тыйымдар бірінен кейін бірі өз күшін жоюда. Яғни, қоғамдық шектеулер алынуда. Әйелдерге көлік жүргізуге, сахнада ән айтуға, стадионда спорттық шараларды тамашалауға, опера тыңдауына, т.б. рұқсат берілгенін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Саудия патриархалдық әрі консервативтік қоғамға тән сипаттардан бірте-бірте арыла бастады. Сонау өткен ғасырдың 80-ші жылдары аталған ел аумағында кинотеатрлар жұмысын тоқтатқан болатын. Келесі жылдан бастап, яғни, араға аттай 35 жыл салып, қоғамдық кинотеатрларды ашуға рұқсат берілмек. Бұл жайында Саудияның мәдениет және ақпарат министрі Ауада бен Салық әл Ауада мәлім етті. Нақтырақ айтқанда, келесі жылдың наурыз айында кинотеатрлар өз есігін кқрермендерге айқара ашпақ. Саудия билігі 2030 жылға дейін 300-ден аса кинотеатр ашылатынын және ел экономикасына бұл сала 24 млрд доллар табыс түсіретінен, сондай-ақ, қосымша 30 мың тұрақты жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді. Аталған елдің мәдениет және ақпарат министрлігі кинотеатрларға лицензия беру тәртібін көп ұзамай жария ететін болады. Саудия аумағында ең алғашқы болып британиялық Vue Entertainment компаниясы кинотеатр ашудан үмітті. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты. Айта кету керек, бұл шектеулер мен тыйымдардың өз күшін жоюына тақ мұрагері Мқхаммед бен Салманның әкесіне тигізген ықпалы себеп болып отырғанын жеткізді сарапшылар. 

0 пікір
Мұрағат