Саудия полициясы анайы сурет арқалы азаматтарды тексерді
Саудия полициясы анайы сурет арқалы азаматтарды тексерді
8 жыл бұрын 4342 E-ISLAM

Сауд Арабиясы баспасөз қызметі хабарлағандай, батыс елдері үшін діни полиция саналатын Ізгі іс және күнәдан тыйылу әрекеттерін марапаттау жөніндегі Комитет әлеуметтік желі қолданушыларының қаншалықты жаман қылықтан өздерін аулақ ұстайтынын анықтау мақсатында жартылай жалаңаш әйелдердің суреттерін жіберді. Іс нәтижесі бойынша ислам әдебін аттап, жамандыққа бейім болған адамдарды жауапкершілікке тартты.

Ал Асир провинциясы прокуратурасы мен тергеу бюросы діни полицияға оның өкілдері тұлғалардың аморальдық бейнесін анықтау үшін этикадан тыс әдістерді қолдануды тоқтатуды ескертті, деп жазады Al Arabiya.

Қоғамдық құндылықтар мен әдеп-ұят нормаларын бұзды деген күдікпен ұсталған азаматтар болса әлеуметтік желілердегі бейәдеп байланысты өздері емес, екінші тарап – Комитет қызметкерлері туындатқанын айтып ақталуда.

«Ерекше әдіс» ережесіне сәйкес, интернет қолданушыларына құзырлы мекеме тарапынан порнографиялық сипаттағы суреттер жіберіліп, артынша әңгімеге тартып, жеке кездесуге ұсыныс жіберілген. Осы сәтте исламдағы ар-ұят, әдеп заңдылықтарын аттап, кездесуге бел байлағандар діни полиция құрығына түскен.

Ал аталмыш комитет өз кезегінде мұндай әдіс-тәсілдерді қолданғанын теріске шығарып, бұл жайында дақпырт таратқан басылымдарды сотқа беретінін мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат