ЖаҺан: Атеистер төлқұжаттағы азаматтың наным-сенімін көрсететін бағанды алып тастауды талап етуде
ЖаҺан: Атеистер төлқұжаттағы азаматтың наным-сенімін көрсететін  бағанды алып тастауды талап етуде
8 жыл бұрын 3367

Өздерін құдайға сенбейтіндер қатарына жатқызатын 4 мыңнан аса түрік азаматы төлқұжаттағы азаматтың наным-сенімін көрсететін бағанды алып тастауды талап етуде. Сондай-ақ, олар жаңа туған шарананы автоматты түрде «мұсылман» ретінде тіркеумен келіспей отыр. Бұл жайында islamreview.ru ақпарат көзі хабар таратты. «Біз заң алдындағы теңдікті талап етеміз. Өзіміздің құдайға сенбейтінімізді айтқанда, бізді «діни құндылықтарға мұрын шүйіретіндер» секілді қабылдағанды қаламаймыз»,- деп айтылған петицияда. Айта кетейік, ел тұрғындарының 94%-ы өздерін құдайға сенетіндер қатарына жатқызады. Алайда, құдайға сенбейтіндер үшін өздерін «атеист» деп атау қалыптаспаған. «Ыстамбұл, Анкара және Измир секілді аса ірі қалаларда тұратын атеистердің көбісі әлеуметтік ортасы мен қоршаған ортасына қарай «атеистік- каминг-аут» жасауға мәжбүр»,- деді «Ateizm.org» форумының іргетасын қалаған Айдын Түрік. Ресми дерекке қарағанда, Түркияда атеистердің қарасы 1 пайыздан аспайды. Олардың веб-сайты экстремизмге үндегені үшін Түркия сотының үкімімен үстіміздегі жылдың наурыз айында бұғауланған болатын.

 

Заң бойынша автоматты түрде мұсылман атанады

Иракта мұсылман еместер отбасында дүниеге келген бала, егер әкесі немесе шешесінің біреуі исламды қабылдаса, автоматты түрде мұсылман атанатынын қарастыратын заң қолданысқа енді. Осы елдегі христиан депутаттар аталмыш заңның қабылдануына қарсылықтарын білдірген болатын. Олардың айтуынша, қандай дінді қалайтынын кәмелет жасына толғанда  адамның өзі шешуі керек. Десе де, ел парламенті олардың бұл ұсынысын қарастырудан бас тартты. Осыған байланысты қараша айының 10-ы күні христиандар мен өзге наным-сенімдегілер наразылық шеруін өткізіп, жоғарыда сөз болған заңның барлық азаматтың теңдігіне кепілдік беретін ел конституциясына қайшы келетінін алға тартты. Бұл жайында "Благовест-нифо" ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат