Саудия ойын индустриясының белді ойыншысына айналдыратын аса ірі мәмілеге барды
Саудия ойын индустриясының белді ойыншысына айналдыратын аса ірі мәмілеге барды
2 ай бұрын 973 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мұнайдан түскен табысқа тәуелді Саудия экономикасын әртараптандыруды әлеуметтік реформаны жүзеге асырудан бастады. Ырықтандыру саясатына басымдық бере бастады. Экономиканы әртараптандыру бағытында түрлі жобаларды қолға алып жатыр. Соның ішінде туризм мен сауық-сайран индустриясына бет бұрды. Саудия билігінің сондай қадамдарының біріне әлемге *FIFA Series* футбол ойынымен әйгілі  Electronic Arts трансұлттық компаниясын сатып алу туралы мәмілесін жаатқызуға болады. Саудия ойын индустриясындағы ықпалын кеңейту үшін киберспорт индуcтриясына инвестиция құятын болады. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) Silver Lake және Affinity Partners тікелей инвестиция қорларымен бірлесіп, аталмыш корпорацияны қолма-қол ақшаға мәміле жасау және корпорацияның өзін жария емес компанияға айналдыру мақсатында 55 млрд долларға (шамамен 77,26 трлн корей воны) сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Electronic Arts-тың қазіргі акционерлері бір акция үшін 210 қолма-қол ақшаға ие болады. Инвесторлар, соның ішінде PIF, EA активтерін кепіл ретінде пайдалана отырып, JP Morgan-дан 20 миллиард доллар алады. Осы орайда Aldora фирмасының зерттеу дерегін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: Саудияның мемлекеттік инвестициялық қоры осы уақытқа дейін ойын индустриясында 30 млрд доллар шамасында инвестиция құйған. Бұдан бөлек, Саудияның мемлекеттік инвестициялық қоры 2022 жылы Nintendo-ның 5% акциясын сатып алуға 4 трлн вон инвестиция құйған, сондай-ақ, NCSoft және Nexon кореялық ойын компанияларындағы үлестерге ие. Саудияның мемлекеттік инвестициялық қорына тиесілі Savvy Games Group компаниясы үнемі киберспортқа инвестиция құяды және * Pokémon GO * әзірлеушісі Niantic Games-тің бір бөлігін сатып алды. Қазіргі уақытта киберспорт және ойын ауданы Сауд Арабиясының астанасы Ер-Риядтан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 40 шақырым қашық жерде орналасқан шөлді аймақта - Киддияда дамып келеді. 2027 жылы Саудия астанасында Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ұйымдастыратын алғашқы олимпиадалық киберспорт жарысын өткізу жоспарлануда.

0 пікір
Мұрағат